Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 26 Ақпан, 2015

Елбасының қазіргі саясатын халық жоғары бағалайды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері әлемде экономикалық дағдарыс күшейіп тұрған қазіргі кезде 2016 жылға белгіленген президенттік сайлауды биыл өткізу туралы ұсыныс жасады. Қазақ жерінде бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін біріктірген Ассамблеяның бұл бастамасы халық қолдауына ие болды деп нық сеніммен айта аламын. b74c35226a138c518b30e5f150164c63 Елбасымыз  ел басқарған жиырма жылдан астам  уақытта халықтың үмітін ақтады, айтқан сөзінде тұрып, елімізді әлемге танытты, бізге тұрақтылық пен тыныш өмір сыйлады десем, артық айтпаймын. Көрші мемлекеттерде орын алып жатқан шиеленістер мен қақтығыстарды, түрлі дағдарыстарды көре тұра, ең басты құндылығымыз – бейбітшілік пен келісім екендігін, осы ұғымдардың қаншалықты маңызды екендігін түсінемін. Осыны жастарға ұғындыруға тырысамын. Қазақ қашанда кең пейілділігімен, қонақжайлылығымен танылған халық. Елбасы халқымыздың осы қырын әлемге таныта білді. Халқымыздың бірлігін, Қазақстандағы  ұлтаралық келісім мен татулықты бүкіл әлемге үлгі етті. Қандай дағдарыс болмасын, оны бір ел болып, жұмылған жұдырықтай еңсеруге халіміз жетеді. Өйткені ең бастысы, біздің елде тыныштық пен түсіністік, татулық бар. Араздық пен келіспеушілік жоқ. Сол себептен де Елбасының қазіргі саясатын халық жоғары бағалайды.  Алып мемлекеттердің арасында Қазақстан атын паш етіп, қазақ халқын танытқан Елбасымызға қашанда сеніммен, үмітпен қараймыз. Экономикалық дағдарыстар қай мемлекетте де орын алуы орынды жағдай.  Біз мұның алдында да талай қиындықтарды Елбасының қолдауымен еңсерген елміз. Осы дағдарыстан да Алла бұйырса, өтетін боламыз.  Биылғы жылы 26 сәуірге белгіленіп отырған алдағы Президенттік Сайлауға қатысып, Елбасына қолдау білдірейік, ағайын!

                              Рымбек  Жұмаділов, зейнеткер

2423 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз