- Өзекті
- 27 Ақпан, 2015
«Коммунистерден» Президент сайлауына 4 үміткердің біреуі қатысады

«Халықтық коммунистер» партиясы жақын күндері өздерінің сьезін өткізеді. Сол кезде 26 сәуірде кезектен тыс өтетін Президент сайлауына қатысатын үміткерлерін анықтайтын болады. Бұл туралы бүгін партия көшбасшысы Владислав Косарев Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен кейін тілшілердің қойған сауалы кезінде жауап берді.

–Мұндай сайлауға түспейтін болсақ, несіне саяси партия болып жүрміз? Еліміздегі саяси елеулі оқиғадан тыс қалу жоспарымызда жоқ. Халықтың әлеуметтік және басқа да мәселелерін шешуге ат салысуға тырысамыз. Сондықтан біздің партия биліктен жоғары орындардан үмітті. Алдымен бұл мәселе сьезде шешіледі. Сол сьезде призденттікке үміткер кiм болатынын анықтаймыз. Бұл мәселе жан-жақты талқыланады. Съезді алдағы аптада өткіземіз деп отырмыз, Бiрақ үміткер нақты оның кім болатынын әлi шешкен жоқпыз. Дегенмен 4 үміткердің бар екені рас. – дейдi В. Косарев.
Айта кетейік 25 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, 26 сәуірге белгілеген болатын.
BAQ.KZ

1501 рет
көрсетілді0
пікір