Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 18 Ақпан, 2010

Ақ Орда ЕҚЫҰ саммиті: Мәскеу Астананы қолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен және Ресей үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен кездесулер өткізді.

Ресейлік әріптесімен Завидовадағы резиденцияда болған әңгіме кезінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту жайы, сондай-ақ күн тәртібіндегі маңызды халықаралық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты да сөз қозғалды.

Н. Назарбаев Ресей президентімен осы жолғы кездесу секілді бейресми байланыс кейде ресми кездесуден маңыздырақ екенін атап өтті.

Өз кезегінде «Бұл кездесулер шын мәнінде ерекше, себебі Ресей-Қазақстан қатынастарының деңгейін, біздің арамыздағы достық қарым-қатынасты, тұрақты кездесулерге, екіжақты мәселелерді және жалпы сыртқы саясатты талқылауға деген ықыласымызды білдіреді» деп атап көрсеткен Ресей басшысы ЕҚЫҰ саммитін биыл Қазақстанда өткізу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдірді.

Президент Н. Назарбаев өз кезегінде алда болатын ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің басшылары деңгейіндегі кездесу туралы айта келіп, қазақстандық тараптың оны өткізу мерзімі жөніндегі ұсынысты мұқият қарауға әзір екенін білдірді. ЕҚЫҰ саммитіне қатысты Қазақстан басшысы бұл форум осы заманғы қауіпсіздіктің, экономиканың, адамдық өлшемдердің жай-күйін бағалау үшін де болуға тиіс екенін атап көрсетті.

Сапар барысында Елбасы Ново-Огарево резиденциясында Ресей үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен кездесті. Тараптар мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту, әлеуметтік даму және Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтың Кеден одағы қызметінің мәселелерін талқылады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мәселелерін сөз еткен Владимир Путин Ұйым биылғы жылы еуропалық қауіпсіздік мәселелерін шешудің әмбебап алаңына айналатынына сенім артатынын атап көрсетті.

Рымтай Сағынбекова

1459 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз