Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 05 Наурыз, 2015

Қыз табақ

Қыз табақ – қазақта «Қыздың жолы жіңішке, қыздың ісі нәзікте» деген аталы сөз бар. Қазақ төркіндеп келген қызына үлкен құрмет-сый көрсетеді. Алыста жүреген қызын сағынған әке-шешесі маңдайынан сүйеді, жылап көріседі, зарығын басады. Төркіндеп келген қызына арнап ақсарбас қойын сояды. Оның жамбасын, асық жілігін, жауырынын, белдемесін, тіл-жағын, қарын-сүрінін, сүбе қабырғасын, жүрек бауырын, бүйрегін асады. Оны табаққа молынан салып тартады. Мұны қазақ «қыз табақ» деп атайды. Қазақта «Қызы бардың ізі бар» деген тәмсіл сөз бар. Көзінің қарасындай қарақат көз қызын ерекше көңіл-күймен күткен ата-анасы қабағына қарамай, бұйымтайы болса түгел орындайды. Қалаған-сұрағанын түгел береді, ренжітпей жолға шығарып салады. «Шыққан қыз шиден әрі кетпесін» деп жылы мәміле жасайды, келгеннен кеткенге дейін қабағын қалт жібермей бағады. Онысы «қыздан қызық қалсын, көңілінде сызық қалмасын, сыз қалмасын» дегені. Қыз ренжісе, Бибәтима пірім шамырқанады, пір шамырқанса, жол болмайды, өмір оңбайды деп нанады, қорқады.

Болат Бопайұлы,

этнограф

3333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз