- Басты ақпарат
- 09 Наурыз, 2015
ОСК: ҚР президенттігіне үміткерлердің бірі – шетел азаматы

Президенттік сайлауға қатысуға өзін-өзі ұсынған бір кандидат Қазақстанның азаматы емес. Уәлихан Қайсаров кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматы екендігін өз қолымен көрсетті,-деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингінде комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді.
Оның айтуынша, комиссия аталған деректер бойынша Ішкі істер министрлігіне сұрау жіберді. Сондай-ақ, осы кандидат мемлекеттік тілде толтырған өмірбаяндық деректерде бірнеше қателер жіберген.
Ағымдағы жылы наурыз айының 2-9 аралығында Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне барлығы 14 өтініш келіп түсті. Біреуін «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы болса, қалған 13 кандидат өзін-өзі ұсынды.
24.kz
1365 рет
көрсетілді0
пікір