Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 10 Наурыз, 2015

Уәлихан Ахатов: Саяси-экономикалық дағдарыстан шығар жол – сайлау

cccdee1cf1c3da2d40d07362f17f0b11"Сайлауға үн қосу" айдарының келесі спикері - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті деканының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ахатов Уәлихан.  Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде өзгерістердің болғанына біраз уақыт болды. Соның ішінде бір топ Қазақстан Ассамблеясының өкілдері биыл Президент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастама көтерді. Оны халық қолдады. Мемлекеттік және мемлкететтік емес ұйымдар да, қоғамдық ұйымдар да,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ұжымы да қолдап отыр. Келесі жылы мемлекетімізде тағы бір үлкен саяси науқан болады. Біріншіден, саяси доданың, Президент сайлауы да, Парламент сайлауы да бір жылда өтуі мемлекетке ауыр болады. Екіншіден, бүкіл әлемде үлкен дағдарыстар болып жатыр. Қазақстанда осы саяси-экономикалық дағдарыстан алып шығудың бірден-бір жолы – сайлау. Мен Елбасымыз өз кандидатурасын ұсынады деп сенемін. Себебі, оның дағдарыстан шығатын барлық саяси-стратегиялық бағдарламалары дайын. Оны Халыққа жолдауында да, Үкімет жиналысында да айтты. Егер Елбасы өзін ұсынып жатса, мен сол кісіні қолдаймын және өзгелерді де осыған шақырамын. Менің азаматтық позициям осы. Жазып алған Гүлім Рысқұлова, kazgazeta.kz  

1280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз