- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 11 Наурыз, 2015
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясына барды
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентіне кандидат ретінде мемлекеттік тілден сынақ тапсырды.
Бұл үрдіс ел Конституциясында бекітілген тәртіпке сәйкес өтті.
Қазақстан Президенті барлық тапсырманы сәтті орындады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Біздің күшіміз – бірлікте» деген тақырыпта жазба жұмысын жазып, Ілияс Есенберлиннің шығармасынан үзінді оқыды, ал ауызша әңгімеде «Бабалар сөзі – даналық көзі» тақырыбында сөйледі.
Лингвистикалық комиссия қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деп танылды.
akorda.kz

801 рет
көрсетілді0
пікір