Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 17 Маусым, 2010

Құнарлы ойдың қанаты Иманжүсіп ҚҰТПАНОВ Ерейментау

Абылай аспас Арқаның сары-ай белі,

Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.

Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас

Нияздың Аюлы мен Қара-ай көлі.

Қысырақтың үйірі жирен ала,

Орыс, қазақ айлары жапты жала.

Туған елге бет алып шыққанымда

Көрінуші ең алдымен, Ботықара.

Шідерімді шыңғыртып атқа салдым,

Иманжүсіп атымды хатқа жаздым.

Ата-баба дәулеті арқасында

Басымды суға салдым, отқа салдым.

Сусыз жерге ауылым қона алмайды,

Кері кеткен тірлігің оңалмайды.

Жүз қатыны қазақтың ұл тапса да,

Бәрібір Иманжүсіп бола алмайды!

(«Жеті ғасыр жырлайды» кітабынан)

2637 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз