- TENGE MONITOR
- 18 Ақпан, 2010
Қаржы нарығы тұрақталады
Әлемдік экономиканы шарпып өткен дағдарыс біздің қаржы жүйеміздің мықтылығын сын тезінен өткізгені рас. Қаржы нарықтарын қамтыған тұрақсыздық экономикамызда көрініс таппай қоймады. Халықаралық қаржы нарықтарының құбылмалылығы және әлемдік экономиканың дамуының жіті перспективаларының айқындалмауы халықаралық рейтингтік агенттіктердің ел рейтингін төмендетуіне себеп болды. Халықаралық нарықтардағы қор бөлудің неғұрлым қатаң шарттары қазақстандық банктер үшін сыртқы қаржыны тарту мүмкіндігін қиындатып жіберді.
Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен бірлесіп, мемлекеттік органдар мен банк секторының сыртқы факторлардың келеңсіз әсерін жоюға бағытталған іс-қимыл жоспарын дайындады. Сондай-ақ қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге және құрылымдық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар әзірленді. Агенттік пен Ұлттық Банктің негізгі міндеті елдің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сыртқы нарықтардағы жағдайға байланысты туындайтын жүйелік тәуекелдерді басқару болып табылады. 2009 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 6,2% болды. 2010 жылғы 1-тоқсанда жылдық инфляция 7%-дан аспайды деп күтілуде.
Банк жүйесінің жай-күйі Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы үшін өте маңызды. Ұлттық Банк әр түрлі әдістермен-қысқа мерзімді өтімділік беру жолымен, яғни РЕПО операциялары, валюталық СВОП-тар мен ең төменгі резервтік талап кепілдігі арқылы қаражат бере отырып, банк жүйесіне қолдау көрсетуді жалғастыратын болады. Екінші деңгейдегі банктердің акциялардың және айырбасталатын облигациялардың қосымша эмиссиясы және активтерді секюритезациялау сияқты баламалы қаржыландыру көздерін тарту жөніндегі бастамасы қолдау тапты. Мұндай іс-қимылдар міндетті түрде банктердің қаржылық ахуалын жақсартуға әкеледі. Осылайша олардың халықаралық борыштық нарықтарға тәуелділігін едәуір азаяды. Сөйтіп, мемлекеттік органдар экономикалық тәуекелдерді басқаруда теңгерімді тәсіл қағидаты бойынша әрекет етуде. Бұл орнықты экономикалық өсуді және жеке секторды мемлекеттің ресурстарынан қорға шексіз бөлуді болдырмауға септігін тигізеді.
Халықаралық қаржы нарықтары коньюнктурасының тез өсуі Үкімет тарапынан да, реттеуші органдардан да уақтылы әрекет етуді талап етуде. Қаржы жүйесі үшін ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтау оларды жою жөніндегі жедел шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты агенттік тарапынан екінші деңгейдегі банктерді қадағалауды күшейту, ақпарат жинау мен талдау әдістерін жетілдіру, банк жүйесінің қатерлерді басқару әдістерін жетілдіру және кредиттік портфельдердің стресс-тестерін жүргізу қажет. Сөйтіп, агенттік әлемдік қаржылық нарықтардағы жағдайды қадағалап отырады, нарық коньюнктурасының өзгеруін талдайды және әлеуметтік және экономикалық саясатқа уақтылы түзетулер енгізу үшін Үкіметке ақпарат беретін болады.
Сыртқы нарықтардағы қаржыландыру көлемінің қысқаруы қазақстандық банктердің кредиттік қызметінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайда кредит алу қарыз алушылардың көпшілігі үшін қиындыққа айналды. Бұл, атап айтқанда, үлестік құрылыс нарығын шарпыды. Құрылыс компаниялары негізгі қаржыландыру көзі ретінде дәстүрлі түрде банк кредитін пайдаланып келді. Өткен жылы олардың көпшілігі қаржы қиындықтарына байланысты жұмыстарын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Үлескерлердің құқығын қорғау үшін, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында Үкімет құрылыс компанияларын даму институттары арқылы нысаналы қаржыландыруды қамтамасыз етті.
Халықтың жұмыспен қамтылуының тұрақты өсуін қамтамасыз ету әрі шағын және орта бизнесті қолдау биылғы жылдың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Үкімет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасын жүзеге асыратын болады, ол үшін қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде. Жеке бизнес пен мемлекет ресурстарын біріктіру ел экономикасының орнықты өсімінің нақты, сүбелі нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұрагер Сералы

1367 рет
көрсетілді0
пікір