- TENGE MONITOR
- 18 Ақпан, 2010
Құнарлы ойдың қанаты Қашаған КҮРЖҰМАНҰЛЫ «Аузы қисық болса да, Бай баласы сөйлесін»
Жауын жауып, көл толса,
Көлге ойнайды құрбақа.
Көл суалып ортайса,
Шоғырланып қуанар,
Аспаннан жауын бір тамса.
Байлардың бұл бір мысалы,
Құрбақадай құрысар,
Қолдарынан мал тайса.
Тоңқаңдап намаз оқиды,
Жасы жетіп қартайса.
Кейбір байды қарасаң,
Қорасында мал толы,
Үйінде ішер тағам жоқ,
Тағам жоқтан жаман жоқ.
Көре тұрып ішпеген,
Рахатсыз көрген мал –
Ұйқыда көрген түс деген.
Кейбір байлар манаурап,
Өтірік науқас тұмаурап,
Жарлыны көрсе мысқылдап,
Кексін сөзбен ысқылап,
«Аузы қисық болса да,
Бай баласы сөйлесін»
Орынсыз сөйтіп күш қылад.

2651 рет
көрсетілді0
пікір