Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 18 Маусым, 2015

Әзімбай Ғали: «Колбин және Мәскеудің ұстанымдары ұлт пен ұлтжандылыққа соққы болды...»

0e7098d68244d6a296913d2adc9f24feЕгемендік таңы тарихи үрдістерге қайта қарап, тәуелсіздік тұрғысынан баға беру қажеттігін тудырып отыр. Ке­зіндегі қызыл империяның солшыл саясаты салдарынан бұрмаланып, тарихи тағылымдамада өңі өзгертіліп жазылған әрбір тарихи сәтке бүгінгі қазақ қоғамының көзқарасы қандай болуы керек деген сұрақ күн тәртібіне шығып отыр. Сондай тарихи кезеңдердің бірі – ХХ ғасырдың соңғы кезеңінде КСРО көлемінде жүргізілген «Қайта құру саясаты» туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Әзімбай Ғалидың пікірін білген едік... Неизвестный объект – Кеңес үкіметі тұсында «қайта құру» саясаты ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап көрініс бере бастады. Мұндай бастамалар көтеріп, қоғамды, жалпы алып империяны қайта құрудың қандай қажеттілігі болды?   – КСРО кезінде алғаш рет «қайта құру» үдерісі 1956-1957 жылдары жүргізілді. Қай­та құрудың көздеген мақсаттары ау­қымды болғанмен, Хрущевтің баяндамасынан аса алмады. Өйткені, бұл қайта құру саяси трансформацияны, тоталитаризмді жоюы ықтимал еді. КСРО-ны қайта құру дегеніміз коммунистік жүйені толығымен жойып, КСРО-ны құлатумен тең еді. Бірінші «қайта құруда» жариялылықтың керектігі туын­дады. Еуропадағы халықтық демократиялар, со­­циа­листік республикалардың ықпалы, Вар­­­шава әскери саяси одағын жоққа шы­ғару экономикалық өзара көмектесу пәр­менсіздігін дәлелдей бастады. Студенттер наразылығы демонстрацияларға, ал, де­монс­трациялар көтеріліске ұласты. Ал­дымен, Венгрияда КСРО-ға қарсы дүрлігу басталды. Оның соңы Кеңес үкі­метінің Вен­гриядағы көтерілісті жергі­лік­ті билікпен бірге тұншықтыруымен аяқталды. Кеңес Одағына наразылық  Польшада жалғасын тапты. «Хрущев жылымығы» Ресейге де, өзге де одақтас республикаларға тарап кет­ті. Н.Хрущев кезінде ашық түрде жүр­гізілген орыстандыру саясатына өзге ұлттардың қарсылығы байқала бастады. Орыс шо­винизмі белең ала бастады. Ұлт­тық республикаларда – Грузияда, Бал­тық жағалауы елдерінде, Кавказда, Орта Азия мен Қазақстанда орысты сый­ламайды деген жала жабу күшейіп, бұл туралы «Правда», «Известия» га­зеттері жаза бас­тады. Өзбекстанның, Гру­зияның элитасы, 1986 жылдан бастап қазақ элитасын қатты қудалады. Сол кезде ең үлкен ХІХ- партиялық конференция өткізіліп, әміршіл-әкімшілік тәртіпті күшейту, экономиканы жетілдіру мақсаты көзделді. Сондай-ақ, қайта құру кезінде жариялылық керек делінді.  Сәйкесінше, бар­лық реформаларды қайта құру керек болды. Әсі­ресе, концептуалды мәселелерді қайта қа­рау, еркіндік беру, сөз бостандығы мен плю­рализм керек деген мәселе көтерілді. Ескі әкімшілік ав­­­торитаризмнен жаппай демократияға кө­­шу үрдісі басталды. Де­мократияның дамуы нәтижесінде ұлттық республикалар күшейді. Осы кезеңде жаңа публицистік тол­қын пайда болды. Сол толқында мен де болдым. Жаңа келген тол­қын саяси, ашаршылық мәселелерін көтере бас­тады. Мұндай толқын өзге одақтас республикаларда пайда болды.  Жас экономист Ерлан Арын: «Әр республиканың өз эко­­номикалық мүддесі сақталу керек», – деген ұран тастаған еді. Сөйтіп, «қайта құру» сая­сатының соңы Кеңес одағының ыдырауымен аяқталды. Ал, біздің қазіргі  Президент Н. Назарбаев Қазақстанның территориялық статусын сақтап қалды. – «Қайта құру» саясатының қазақ халқының қоғамдық өміріне қандай ықпалы болды?  – Мәселен, біздің елде қазақ тілінің қорғаушысы ретінде Сәбит Мұқанов кө­рінді. Қазақ газеттері – «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет және искусство» өзекті проблемаларды батыл айтты.  Алайда, 1956 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның Орталық комитеті қарарында «Қазақ әдебиеті» газетіне ұлт­шыл деген айып тағылды. Сонымен бірге, КСРО-дағы экономикалық реформалар да тоқтатылып, жылымық жылдардың соңы Хрущевтің биліктен ке­туіне алып келді. Себебі, КСРО-да эко­номикалық тоқырау қаупі күшті бол­ған еді. Бірақ, «Хрущев жы­лымығы» Қа­зақстанға да оң әсер еткенін де айта кету керек. Бұл кезеңде, яғни, 1960-шы жылдары шығармашыл, ұлтжанды жастар өсіп шықты. Қазақ интеллигенциясы мен ұлтшыл жастары оянып, батыл ой ай­тып, ұлт жолында күресуге талпынды. 1963 жылы Мәскеу қаласында  қазақ сту­денттері «Жас тұлпар» ұйымын құ­рып, ортақ мүдде төңірегіне біріге бас­тады. Бұл ұйымның қоғамға ықпалы өте күшті болып, жастар арасынан үн қосушылар, қолдаушылар қатары көбейді. Алайда, қатаң кеңестік жүйе қайтадан кері тарту мен бәсең репрессия жүргізді. Өйткені, ұлттардың бұлайша бас көтеруіне қалай да жол бермеу – сол кездегі саясаттың басты ұстанымы болатын. Сонымен, жылы­мықтың тағы бірінші кезеңі осылайша өтті. Ал, екінші кезеңінде 1986 жылғы Жел­тоқсан көтерілісінің ызғары бәрімізге аян. Кеңестік биліктің қазақ халқы мен студент жастарына жасаған репрессиясы ұлт пен ұлтжандылыққа үлкен соққы болып, аямай жаныштады. Қайта құру саясатының екінші кезеңі 1985 жылғы Коммунистік партияның Орталық ко­ми­тетінің пленумындағы қайта рефор­малау керек деген идеядан шықты. Сөй­тіп, 1987 жылы «қайта құру» саясаты бас­талып, 1991 жылдың аяғында КСРО-ның тарауымен аяқталды. Қайта құрудың ең керемет жемісі – «жариялылық саясаты» болды. Жариялылықтың үлгісі Мәскеудің бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тапты. Мәселен, «Московские новости», «Огонёк» секілді басылымдар түйткілді мәселелерді еркін көтере бастады. Теледидардан да кейбір жабық болып келген мәселелер айтылып жүрді.  Қазақстандағы осындай алғашқы басылым Әшірбек Көпі­шев ағамыздың бастауымен жарыққа шық­қан «Арай-Заря» журналы еді. Сөйтіп, бірте-бірте ұлттық демократтар көріне бастады. Олардың ең мықты өкілдері ретінде Сағатбек Әшімбаев, Шерхан Мұртаза  және Алдан Айымбетов есімдерін ерекше атауға болады. Жас журналистер арасынан Серік Мәлеев көзге түсті. Бұқаралық ақпарат құралдарында тарих, демография, саясат, мәдениет, қазақ тілі мәселелері жиі айтылып, жазылды. 1990 жылдардың басында Қазақстан мен  Ресей экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізді. 2002 жылы Қазақстан өзінің нарықтық қоғамның институттарын орнықтырып, нарықтық-әлеуметтік экономика  орнатты.  Жекеменшік берілді, әлеуметтік реформалар жүргізді, экономикалық реформа мен зейнетақы жүйесі реттелді. Бұл идеялардың негізгісі қайта құру кезеңінде айтылған еді. – Қайта құру саясаты Ресей элита­сының арасында қатты сынға ұшырап жатыр. Мұның мәнісі неде деп ойлайсыз?!  – Менің ойымша, қазір Ресей аумағында   үшінші «қайта құру» басталып келе жатыр. Ол Украинаның Майданынан бастау алды. Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті посткеңестік кеңістіктегі тағы бір қайта құрудың көрінісі деуге болады. Ресейдің консервативті көзқарастағы элитасы, ұлтшылдары империя құруды аңсайды. «Үшінші қайта құру» саясаты ақпараттық сипат алуда. 2014 жылы  қайтадан қырғи-қабақ соғыс басталып, әлем елдері: АҚШ, ЕуроОдақ, Австралия, Жапония секілді мемлекеттер Ресейге жабылуда. Мұны үшін­ші «қайта құру» революциясы немесе екінші қырғи-қабақ соғыс деп айтуға болады. Ресейдің кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси элитасы Ресейді им­периялық тұрғыда қайта құру саясатына жақын позицияны ұстануда. Сондықтан, Кеңес үкіметінің ыдырауына алып келген Гор­бачевтің «қайта құруына» сыни пікірде деп ойлаймын. – Қазіргі қазақ қоғамының қайта құру саясатына деген көзқарасы қандай болуы керек? Тарихнамада бұл саясат әділ бағасын алып жүр ме? – Менің ойымша, қайта құру кезінде үлкен жетістікке жетті. Ол ұлт-азаттық, рухани қозғалыс пайда болды. Оның жарқын өкілдері ретінде үш тұлғаның ролін айт­пақпын. Олар  Сағатбек  Әшімбаев, Алдан Айымбетов, Шерхан Мұртаза. Қазіргі кезде де осы үрдіс жалғасып келеді. Қоғамда Ресейдің кез-келген саясатын сынау байқалады. Ал, қайта құру саясатына қазақ тарихнамасының өз көзқарасы, өз бағасы болуы керек.

Сұхбатты жүргізген  Жания ӘБДІБЕК

 

1566 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз