Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Шілде, 2015

Сел сейілді дей аламыз ба?(Видео)

photo_19131Әкім Ахметжан Есімовтің Алматыдағы селдің тікұшақпен аралауы түсірілген видеосы мен суреттері жария болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Видеода бұзылмаған су бөгеті көрінеді. Ал елді мекенді су басқан. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарының аумақтарын ішінара су басқан. Селден кейін Алматыда 280-нан астам адам эвакуацияланды. Оның барлығы №176 орта мектеп пен Наурызбай әкімдігінің ғимаратына жеткізілді. ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5571, 28237 әскери бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Наурызбай ауданының Қарғалы өзенінің су бөгетінің жарылғаны туралы қауесет жалған болып шықты. "Қасселденқорғау" ММ өкілдері бөгеттің зақымданбағаны жайлы мәлімет таратып отыр. Дереккөз: Tengrinews.kz

1106 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз