- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Шілде, 2015
ТЖД: Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі сақталады
«Ауа райының ыстық болып, қарлар қарқынмен еріп жатуы және 24-27 шілдеде жауын жаууы мүмкіндігінен еріген қар суы мен жауын суларынан Алматы облысының таудағы жекелеген өзендері тасуы мүмкін, тауларда сел жүру қаупі сақталады», – делінген бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында таратылған хабарда. Бұрын хабарланғандай, сел жүруінің нәтижесінде Алматының үш ауданындағы үйлерді су басып қалды. Ең көбі Наурызбай ауданындағы Чапаево елді мекенінің үйлері зардап шекті. Әуезов ауданы мен Алатау аудандарының аумағын жартылай су басты. Дереккөз: КазТАГ,Nur.kz
1169 рет
көрсетілді0
пікір







