Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Шілде, 2015

«Qazaq Air»-дің банкет залынан кеңсе ашпақ болғаны комиссияның жағасын ұстатты

Жаңа «Qazaq Air» әуе компаниясы мейрамханадан жұмыс кеңсесін ашпақ болған. Азаматтық авиация комитеті дауға қалған мақтаулы компанияның қызметінен 50-ге тарта кемшіліктер анықтады деп хабарлайды  арнасы.

FTK_9157 Фото: tengrinews.kz Әсіресе, «Qazaq Air» өзінің кеңсесі ретінде мейрамхананың банкет залын  жалдағаны сертификациялық комиссияның жағасын ұстатып отыр. 100 пайыз «Самұрық-Қазынаның» басқаруындағы, яғни мемлекеттік компанияның мұндай әрекетіне шенеуніктер аң-таң. Әрі әлі күнге дейін басқалардан арзан болады делінген нақты билет құнын жасырып отыр екен. Тіпті, ұшуды қамтамасыз ететін арнайы техникалар мен қауіпсіздікке жауап беретін мамандар да болмай шыққан. Сондықтан Авиация комитеті, «Qazaq Air» әуе компаниясын жолаушы тасымалдауға дайын емес деп танып, барлық кем-кетіктерін түзетуге тағы уақыт берді. Дереккөз: КТК арнасы

538 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз