Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Шілде, 2015

Қазақстандықтардың жартысына жуығы банктік депозиттердің сақтандырылуынан хабарсыз болып шықты

скачанные файлыЕлімізде жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 43% банктік депозиттерді сақтандыру туралы білмейтіні анықталды, деп хабарланған Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорының сайтында. «Қазақстанның 14 облысында, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында азаматтарға сауалнама түрінде жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға жауап берушілердің 44% бос ақшаны үйде сақтайды; 38% жеке/жанұя бюджетінің шығыстары мен кірістері есебін жүргізбейді; сұралғандардың 43% банктік депозиттерді сақтандыру туралы білмейді және 6% ғана сақтандырудың ең жоғарғы сомасын атай алады; 63% еңбекақыға дейін ақшаны тұрақты жұмсап бітіреді», делінген хабарламада. Сондай-ақ хабарламада халықтың қаржылық сауаттылығының төмен деңгейі қаржы секторының дамуына кедергі келтіретіні атап өтілген. Ал оның дамуы елдің жалпы экономикалық өсімімен тікелей байланысты. ҚазАқпарат агенттігі

506 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз