Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қыркүйек, 2015

Назарбаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Нурсултан Назарбаев_6 Бұл туралы ресми БАҚ жариялады. Қымбатты отандастар! Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының қастерлі мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Құрбан айт адамзатты бейбітшілік пен келісімге, өзара түсіністік пен жанашырлыққа үндейді. Менің шешіміммен Құрбан айттың алғашқы күні – демалыс күні болып жарияланған. Бүгінгі таңда осынау қастерлі мереке Қазақстан халқының бірлігін, түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп келеді. Құрбан айт адамдарды кеңпейілділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеп, ізгілікке жетелейді. Бұл мереке мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға елеулі үлес қосып, қоғамдағы имандылық бастауларын нығайтатын ізгі ниет пен игілікті амалдарда көрініс табады. Ислам дінінің осындай жасампаз әлеуеті рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға, отансүйгіштік рухына негізделе отырып, қоғамдағы татулық пен конфессияаралық келісімді өркендетуге одан әрі қызмет ете береді деп сенемін. Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, береке, бақыт және мол табыс тілеймін! Айт қабыл болсын!
Дереккөз: NUR.KZ

527 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз