Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қыркүйек, 2015

ЕО босқындарға көмек ретінде миллиард еуро бөлмек

3d0d33f710ce52516e40a1bfff99ffa1Брюссельде мигранттар мәселесі бойынша өткен шұғыл келіссөз барысында еуропалық көшбасшылар Таяу Шығыста көрші елдерге қашуға мәжбүр болған миллиондаған сириялық босқындарға көмектесу үшін миллиард еуро бөлуге уағдаласты, деп хабарлайды ВВС. Еуропа Кеңесінің президенті Дональд Тусктың айтуынша, бөлінген қаржы Ливан, Иордания мен Түркиядағы БҰҰ өкілдіктеріне жөнелтілетін болады. Ол, сондай-ақ, босқындардың қалың толқыны әлі толастамағанын, және Еуропа алдындағы мақсат – өз шекарасын қорғай отырып, мигранттарға қолдау көрсету екенін атап өтті. Тусктың сөзіне сәйкес, осы мәселемен бетпе-бет келген мемлекеттерде қараша айының соңына дейін мигранттарға ыңғайластырылған арнайы орталықтар құрылатын болады. BNEWS.KZ

726 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз