Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қыркүйек, 2015

Назарбаев АҚШ-қа барды

photo_20966Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен АҚШ-қа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына келді", - делінген хабарламада. ҚР Президенті Бас ассамблеяның жалпы дебатында баяндама жасап, БҰҰ мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру және орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитке, сондай-ақ зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделіп отыр. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған. Tengrinews.kz

614 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз