Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қыркүйек, 2015

АҚШ-та Батырхан Шүкеновтің баласы әкесінің әнжинағын Назарбаевқа сыйлады

photo_20969Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жатқан студенттермен кездесті, - деп хабарлайды 24.kz. "Болашақ" бағдарламасымен Нью-Йорк және Колумбиялық университетте оқып жатқандар, сонымен қатар, Нью-Йорктің және Джордж Вашингтон киноөнер академиясының студенттері Мемлекет басшысына оқудағы жетістіктері жайлы айтып берді. Президент оларға оқуда үздік болуды тілеп, алған білімді өз елінің игілігіне арнауға шақырды. Телеарнаның мәліметінше, қазақстандық жастардың ішінде Батырхан Шүкеновтің баласы Мақсұт та болған. Ол Америкада. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа өз әкесінің әнжинағын сыйлады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен АҚШ-қа барған еді. Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделіп отыр. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған. 24.kz

725 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз