Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қазан, 2015

Астанада 10 млн теңгеге қойылған аялдамаларды ресейліктер 10 есе арзанға орнатқан

81791cdd8b9b5b321e3a38bd4f7d4444Астанада 10 миллион теңгеге қойылған жылы аялдамаларды Ресей шенділері 3200 долларға орнатқан. Ресейдің Краснояр қаласында жылыту маусымы қарсаңында жылы аялмадамалар орнатыла бастады, деп жазады Kursiv.kz. Свердлов ауданы әкімдігінің жетекшісі Игорь Титенков: «Бір-екі дана жылы аялдама халыққа таныстыру мақсатында қойылған. Егер жаңа аялдамалар тұрғындарға жайлы болып, ұнап жатса, қаланың барлық аялдамасы біркелкі архитектурада жасалған дүңгіршекке ауыстырылады» - дейді. Аудан басшысының айтуынша, жылы аялдаманың бір данасының құны 200 мың рубль, яғни, 3200 АҚШ долларынан сәл асады. Ал осыдан бірер апта бұрын Астанада да жылы аялдамаларды қала билігі 10 миллион теңгеге сатып алған болатын. Оны АҚШ валютасымен есептегенде 36 000 доллардан асып кетеді. NUR.KZ      

488 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз