- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 20 Қазан, 2015
Халықаралық өнер фестивалі өтеді
2015 жылдың 29-30 қазанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған «Шетелде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі» өтеді.
Фестиваль аясында ақындар мүшәйрасы, термешілер сайысы және суретшілер көрмесі ұйымдастырылады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, алғысхаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.
Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары және алыс-жақын 20-дан астам шет елден қазақ диаспорасы өкілдері, мәдени орталықтарының жетекшілері және өнерлі жастары арнайы шақырылады.
Өтетін орны:
Астана қаласы
Қазақ Гуманитарлық-Заң университетінің концерт залы
685 рет
көрсетілді0
пікір







