Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қазан, 2015

ҚР Президенті Протоколының экс-басшысы Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

814c50ea83b09348cb614e8ea8cҚР Президенті Протоколының экс-басшысы Румиль Тауфиков Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі дереккөзге сілтеме жасап. Айта кетейік, Тауфиков 2006-2009 жылдары Президент Протоколының сол уақыттағы бастығы Бауыржан Байбектің орынбасары болған еді. Тауфиков бұрын Юрий Ильин айналысқан мәселелерге жауапты болады деген болжам бар. Оған әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту, төтенше жағдай кезінде ескерту жасау және оның алдын алу, қаладағы азаматтық қорғаныс, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысты ескерту кіреді. Еске сала кетейік, бүгін, 20 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысуына байланыстыҚазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы қызметінен босатылған болатын. Дереккөз:Tengrinews.kz

854 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз