Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 04 Қараша, 2015

Жарқын ФАЗЫЛОВ, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:«Бізде рухы мықты жандар жұмыс істейді»

IMG_0940 чсфазылов-1Биыл еліміздегі төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Содан бергі уақыт ішінде елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алатын, жедел әрекет ететін әлеуетті әрі шұғыл жүйе қалыптасты. Біз осы кәсіби мерекеге орай, тәуліктің 24 сағатында кез келген төтенше жағдайларда аянбай, өз істерін сапалы атқарып жүрген азаматтардың қызметі туралы сала мамандарының өзінен сұрауды жөн көрдік.  Неизвестный объект Еліміздегі  кәсіби апаттық-құтқару қызметі тәуелсіздік алғаннан кейін құрылды. Бұрын құтқарушылардың қызметін қоғамдық ұйымдар, құтқару бекеттері, қайсыбір жұмыстарды милиция атқаратын. 1995 жылы Елбасының Жарлығымен Қазақстан Рес­пуб­ликасының төтенше жағдайлар жөніндегі мем­лекеттік комитеті құрылып, осының негізінде 19 қазан Құтқарушылар  күні болып белгіленді. Бүгінде облыстық департаменттің құрылымына өрттің алдын алу және оны сөндіру, апаттар және төтенше жағдайлар, құтқару мәселелерімен айналысатын барлық қызметтер кіреді. Осы қызмет түрлерінің барлығын бір құрылымға біріктіру қыз­меттің жедел­ділігін арттырып, тәуліктің 24 саға­тында, жыл бойына, қандай да болмасын төтенше жағдайларда әбжіл қимылдап, өз істерін сапалы атқаруларына мүмкіндік береді. Қазір департамент құзырында 13 аумақтық бөлімше, соның ішінде 12 аудандық бөлім және төтенше жағдайлар бойынша қалалық басқарма жұмыс істейді. Нақтырақ айтсақ, өңірімізде құтқарушылар күнін бір мыңнан астам адам мерекелейді.Батыс Қазақстан облысы – Жарқын Сайлауұлы, төтенше­ліктердің беделі жоғары екеніне дау жоқ. Кәсіби мереке қарсаңында атқарылған нақты жұмыстар жайында айтсаңыз?  – Биылғы 9 айда облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің күштері апаттан құтқару жұмыстарына 1128 мәрте шығып, 329 адамды құтқарған, төтенше жағдайлар аумағынан 883 адам эвакуацияланған. Биылғы сәуір айында департаменттің бөлімшелері Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарына қатысты. Ал  мамыр айында көршілес Атырау облысының тұрғындарына нөсер жауынның салдарын жою жұмыстарына  қолғабыс етті. Өмірлерін қатерге тіксе де, батысқазақстандық құтқарушылар өз міндет-миссиясын адалдықпен атқарды. Олардың еңбегі, ерік-жігері елеусіз қалмады, биыл ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 159 қызметкер медальдармен, құрмет грамоталарымен, алғысхаттармен марапатталды. Жұмысымыздың басты нәтижесі, әрине, құтқарылған мыңдаған адамдар дер едім. Өңір басшылығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салаларындағы кешенді шараларды өткізуге тиісті көңіл бөлінуде. Биыл барлық аудандарға өрт сөндіру жұмыстарына  қажетті техника сатып алуға қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде іске қосылған техника төтеншеліктердің жұмысын жеңілдетуге көмектесті. Сандарды сөйлетер болсақ, осы өткен  9 айда облыс аумағында 44 табиғи өрт орын алды. Қой жылы өңірімізде су тасқыны болмағаны қуанышты. Бірақ  судағы қауіптің алдын алу шаралары тұрақты жүргізілгенімен,  30 адам тілсіз жау – судың құрбаны болды. Соның ішінде  кәмелетке толмаған 13 жасөспірімнің болуы судағы қауіпсіздік мәселесінің көкейтесті екенін көрсетеді. «Сақтансаң – сақтаймын» деген, ересектер, ата-аналар өңірдегі үлкенді-кішілі су қоймаларына балаларды жалғыз жібермеу жағын ескерсе дейміз. Судан құтқарушылар посттағы кезек­шілік кездерінде 31 адамды (оның сегізі бала) құт­қарып, аман алып қалды. Құт­қарушыларымыз 1015 баланы жү­зу­ге үйретті. Сондықтан құтқару­шы­лар­дың күнделікті жұмысы батырлық­қа, батылдыққа толы десек, артық айтқандық емес. – Құтқарушылардың спорттан хабар бар, шыныққан жандар екені шүбәсіз. Жалпы білім-білік жетіл­діру жағы қалай жүруде? – Иә, біздің төтенше жағдайлар саласында рухы мықты, шыныққан жандар жұмыс істейді. Құт­қару­шы­лардың дайындығы жоғары болса, қиын-қыстау жағ­дайда одан шығар жол табу оңайға түседі. Биылғы «Көктем – 2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатыстық. Ресейдің Астрахань облысы бойынша ТЖ жөніндегі басқармасымен бірге орман және дала өрттерін сөндіру мәселелеріне қатысты оқу-жаттығу өткізілді. Жамандықтың беті әрмен, Саратов облысының төтенше жағдайлар қызметімен су жіберу гидротехникалық құрылысы бұзылып, тасқын су жағдайындағы әрекеттестік жөнінде де бірге  жаттығу жұмыстарын жүргіздік. Құтқару бөлімшелерінің «Қазқұт­қару – 2015» халық­аралық жиын-семинарына қатысып, оның қоры­тындысында батысқазақстандықтар бірінші орын алды. Биыл тамыз айында Оралда өткен 22-жазғы чемпионатта біздің құтқарушылар жалпы­коман­далық бірінші орынға  шықты. Алматыдағы республикалық оқу-әдістемелік орталығын­дағы азаматтық қорғаныс саласына қатысты оқу курстарында 50 қызметкер оқыды. Осы саладағы жоспарлы оқулардан басшылық құрамдағы 14 санат бойынша 358 адам оқудан өтті. Еліміздің мамандандырылған оқу орындарынан және Беларуссияның төтенше жағдайлар министрлігінің қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру институтынан департаменттің 51 қызметкері қайта оқып, білім-білігін жетілдіріп қайтты. Олардың білім-білігі бірінші кезекте дүниедегі бағасы жоқ адам өмірін құтқаруға, сақтауға жұмсалады. Сөзімнің соңында барлық әріптестеріме, төл мереке құтты болсын, дендеріңе саулық, отбасыларына амандық тілейтінімді білдіремін. – Әңгімеңізге рақмет.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, Орал қаласы

1802 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз