Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қаңтар, 2016

Елімізде доллар емес, теңге маңызды – Н.Назарбаев

Н НазарбаевФОТО: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Елімізде доллар емес, теңге маңызды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

«Нарықтық экономиканың ақиқаты – біз ұлттық валюта бағамын реттеген сайын, кәсіпкерлер мен бизнес үшін кедергілерді көбейтеміз. Бұның неліктен осылай болып жатқанын халыққа қарапайым тілмен түсіндіру керек. Бұнымен бірінші кезекте «Атамекен» айналысуы тиіс. Ол халыққа шағын және орта бизнес арқылы түсіндіруі керек. Біздің елімізде доллар емес, теңге маңызды. Йогтер айтатындай, бір сәт тоқтап, терең тыныс алып, доллар туралы ұмытайық. Біз Қазақстанда теңгемен өмір сүреміз, теңгемен сатып аламыз, теңгемен есеп айырысамыз», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті, "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XVII съезі өтіп жатыр. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, биылғы жылдың 20 наурызына белгіленген Мәжіліс сайлауына үміткерлерлің партиялық тізімі бекітілмек, сондай-ақ, "Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.

"Нұр Отан" партиясының съезіне екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

633 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз