- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 29 Қаңтар, 2016
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы қабылданды
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде партияның «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.
Съезде негізгі баяндаманы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жасады және партияға жаңа бағдарлама аясында бірқатар тапсырма берді.
1550 рет
көрсетілді0
пікір







