Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қаңтар, 2016

Назарбаев Головкинге: Барлығын соқ та, елге орал

photo_23847Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде спортшыларға сөз арнады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz   тілшісіне   сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XVII съезі өтіп жатыр. Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі жарияланады деп күтіліп отыр. Съезд кезінде Назарбаев танымал боксшы Геннадий Головкинге сөз арнады. "Сен шаршы алаңға шыққанда бүкіл Қазақстанның сені қолдайтынын айтқым келеді. Біз сенімен мақтанамыз. Олардың бәрін барынша соқ та, елге орал", - деді Мемлекет басшысы. Залда отырғандар Елбасының бұл сөзіне қошемет білдірді. Сонымен қатар, Назарбаев Олимпиада ойындарының чемпиондары Илья Ильин мен Серік Сәпиевті де сөз етті. "Олар біздің елімізді насихаттауда зор еңбек етіп жатыр. Олар Қазақстанды бүкіл әлемге көрсетеді. Жастар олардан үлгі алсын", - деді ол.

515 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз