Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қаңтар, 2016

Қайрат Нұртас депутат болуға дайын екенін мәлімдеді

Әнші Қайрат Нұртас “Нұр Отан” партиясына тұңғыш рет қатысып, алған әсерлерімен бөлісті деп хабарлады «Казахстанская правда» басылымы.

кайрат нуртас нур «Мен үшін бұл өте қуанышты жағдай. Өткен жылдан бастап мен партия мүшесімін, cъезге Қазақстан азаматы ретінде қатысқанымды үлкен мәртебе санаймын. Мен партияның саясатын толықтай қолдаймын және Отаным мен қазақстандықтарға пайдамды тигіземін деп үміттенемін», – деді Қайрат Нұртас. Танымал әртіс әрдайым халыққа қызмет ететінін ерекше атап өтті. «Гастрольдік сапармен еліміздің ауылдық елдімекендерінен бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолияны араладым. Сондықтан, халықтың хал-ахуалын, олардың елбасының саясатын қолдайтынын жақсы білем”, – деді әнші. Қайрат қазақстандықтар сенім артса, сайлауға түсуге дайын екенін де жеткізді. «Егер халық маған сенім артып жатса, мен депутат болуға дайынмын. Бірақ, қазір деңгейімді көтеріп, көп оқу керектігін түсінем. Қазір ағылшын тілін меңгеріп жүрмін», – деп ой бөлісті әртіс. Дереккөз: NUR.KZ

2427 рет

көрсетілді

5

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз