Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысында құлаған тікұшақ бортында облыс прокуроры болған

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақта ұшқыштан бөлек үш одам болған, олардың бір — өңірлік прокурор, деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап . Жамбыл облысында құлаған тікұшақ бортында облыс прокуроры болған "23 қаңтарда, сенбі күні "ТаразЖаңаӘлем" ЖШС жетекшісі (тікұшақ ұшқышы) Валерий Михин жолаушылар алдын ала төлеп қойған ұшуды жүзеге асырған. Ұшқышпен бірге, тікұшақта үш жолаушы болған, оның ішінде Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов бар болып шықты. Аңшылық болған жоқ, маңайды қараған кезде жануарлардың өлігі табылмады", — делінген хабарламада. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшып келе жатқан кезде тікұшақ қозғалтқышына қысым түсе бастағаннан, кейін түтіндеген. Осыдан кейін ұшқыш шұғыл қонуға мәжбүр болған, алайда тікұшақ құлап, сол сәтте ұшқыш шыққан өртті өз бетімен сөндірмек болып, күйіп қалған. "Жолаушылар жаралы ұшқышты таяуда орналасқан малды ауылға апарған, сол жаққа жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Сөйтіп, ұшқыш Тараздағы ауруханаға күю жарақатымен жеткізілген. Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адамның жағдайы тұрақты", — деп ақпараттандырды ведомстводан. Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия тергеп жатыр. Ми-2 тікұшағының апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

1332 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз