- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Ақпан, 2016
Әйелдің жүктілік кезінде ішімдік ішуі баланың ұйқысын бұзады
Нью-Йорк университетінің мамандары адам ұйқысыздық аурына шалдықса, демек оның анасы бұрын жүктілік кезінде ішімдікке әуес болған деген ғылыми қорытынды шығарды. Жүктілік кезінде бір рет қана алкогольді ішімдікті пайдалану да болашақта баланың ұйқысын бұзуға жеткілікті, деп жазды The Daily Mail.
Мамандар арнайы зерттеу жұмысын тышқандарға жасады. Кемірушілерге туғаннан кейін бірінші аптада таза спирт енгізген. Спирт енгізілген кемірушілерде өскенде ұйқыларының, соның ішінде терең ұйқының бұзылғаны байқалған.
Айта кету керек, адам ағзасы үшін терең ұйқының маңызы зор. Зерттеу жұмысында ұйқысы бұзылған кемірушілердің де есте сақтау қабілеті бұзылған. Алкоголь ұйқыны реттейтін ми бөлігінің дамуына кедергі келтіреді. Ғалымдардың пайымынша, бұл адамдарға да қатысты.
ҚазАқпарат агенттігі
857 рет
көрсетілді0
пікір







