- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Наурыз, 2016
Бүгін Шығыс Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі басталды
«Наурыз мерекесінің шаралары да ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Мерекені атап өтудегі басты мақсат – елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Жоспар бойынша, ай көлемінде аймақта дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған 600-ге жуық шара өтеді», – деді Жақсылық Омар.
ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, мерекелік шаралар бүгін «Ырыс күні» деген атаумен ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкелері мен концерттік бағдарламалармен басталады.
14 наурызда «Дәстүр күні» атты ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлердің қатысуымен кездесулер өтеді.Ал 15 наурыз күні «Жаңғыру күні» аймақ перзентханаларында туу туралы куәліктер салтанатты түрде табысталатын болады.
Наурыздың 16-шы жұлдызында «Көктем шуағы» атауымен түрлі флеш-мобтар, жасөспірімдердің қатысуымен концерттер өтеді. 17 наурыз «Қамқорлық күнінде» жастар қауымы тыл, еңбек және соғыс ардагерлерін мерекелерімен құттықтайды. Келесі «Жаңару күнінде» қала тұрғындары сенбілікке шығып, қала көшелері мен саябақтарды қалыпқа келтіреді. 19 наурыз «Жарасым күні» білім ордаларында үздік шығармалар мен өлеңдер арасында байқау жарияланып, кітапханаларда Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыратын әдеби кештер өтеді. «Қуаныш күнінде» қаланың орталық көшелері, денсаулық сақтау, білім, орындарының мекемелері әрлендіріледі. 21 наурыз «Шаттық күні» ән, би байқаулары, айтыс өтіп, түрлі шығармашылық қайраткерлерімен кездесулер өтеді.Ал 22 наурыз «Ұлыс күнінде» негізгі мерекелік шаралар: көкпар, күрес, қыз қуу сынды ойындар, «Ең үздік киіз үй» және тағы басқа түрлі байқаулар өтеді.
838 рет
көрсетілді0
пікір







