Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Наурыз, 2016

Астанада Еуразия құрлығының көлік-транзит жобалары талқыланды

Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Еуразияның көлік дәлізі: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты екінші халықаралық коференция өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Моңғолия, Грузия, Әзербайжан мен Қырғызстанның сараптама ұйымдарының сарапшылары қатысып жатыр.

Конференция барысында отандық және шетелдік сарапшылар Еуразия құрлығындағы өзекті көлік-транзит жобаларын, халықаралық қатынастардың маңызды геосаяси аспектілері мен бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру аясында елдердің ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.+

«Бүгінгі таңда көлік-транзит әлеуетін дамыту тақырыбы – Орта Азиядағы сарапшылық-саяси пікірталастарда көтерілетін маңызды мәселелердің бірі. Мәселен, былтыр ЖЖЭБ пен ЕАЭО жобаларын түйіндестіру туралы айтарлықтай қызықты идея пайда болды, бұл да сарапшылардың пікірталасын жаңа мазмұнмен толықтырды. Былайша айтқанда, Жібек жолын жаңғырту идеясы өңір перспективалары туралы пікірталастың тамырына қан жүгіртіп қана қоймай, Орта Азияның геосаясатындағы кейбір мәселелерді қайта пысықтауға мүмкіндік берді», - деді ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин.

Сондай-ақ ол экономикалық сауда, кедендік бақылау жүйесінің барлық кешенін жаңғыртпай, реформалар жүргізбейінше көлік жобалары тиісті нәтиже бермейтінін атап өтті.

«Егер жүк ағындары кедендік бақылауда сағаттап, тәуліктеп тұратын болса онда оның қандай мәні бар? Бір шекарада жүкті рәсімдеу 5 минут уақытты алса, басқа бір бекетте кем дегенде 67 минут кетеді. Яғни, қандай бағдар тиімді, қысқа әрі арзан деп айтысқаннан гөрі, бұдан да күрделі, бірақ өте маңызды мәселелерді – яғни стандарттар, талаптар, ашықтық пен тиімділікті талқылаған жөн. Бұл мәселелер үнемі сарапшылардың басты назарында болуы тиіс», - деп мәлім етті ҚСЗИ директоры. 

681 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз