Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Наурыз, 2016

ҚР ҚК Бас штабының басшылығы ҰҚШҰ Біріккен штабының делегациясымен кездесті

Бүгін Астанада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровпен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.

Кездесу барысында өңірдегі және әлемдегі әскери-саяси жағдай мәселелері, 2016-2017 жылдардағы бірлескен жедел және жауынгерлік даярлық іс-шаралары, ҰҚШҰ (ұжымдық күштері) әскерлерінің әрі қарай дамуы, сондай-ақ ҰҚШҰ Біріккен штабының қайта құрылуы талқыланды.

Ресей Федерациясының аумағында жедел ден қою ұжымдық күштерімен «Өзара іс-қимыл-2016» ҰҚШҰ бірлескен оқу-жаттығуы, Беларусь Республикасының аумағында ұжымдық бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2016» және өзге де жауынгерлік даярлық іс-шараларына дайындық барысы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ ҰЖДК құрамын күшейту, жалпы алғанда, ұйымның дамуының заманауи кезеңінде тапсырмаларды орындауға сәйкес келетін ҰҚШҰ Біріккен штабының ұсынылып отырған ұйымдық-штаттық құрылымын қолдау ұсынылды.

Одан басқа, делегация сәуірде жоспарланып отырған «Бірлескен операцияларды (жауынгерлік іс-қимылдарды) дайындау және жүргізу кезінде әскерлердің (күштердің) коалициялық топтамасын жан-жақты қамтамасыз ету» ҰҚШҰ-ның халықаралық әскери-ғылыми конференциясына дайындалу аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Бұл ретте Біріккен штабтың өкілдері Республикадағы әскери білім беру жүйесімен, университеттің оқу процесі мен материалдық-техникалық базасының ұйымдастырылуымен танысты.

Делегация өз жұмысын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына баруымен аяқтады. Онда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы, пайда болу тарихы және заманауи тыныс-тіршілігімен танысты.

Дереккөз:BNews.kz

597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз