Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Наурыз, 2016

Эквадорда әскери ұшақ құлап, 22 адам қаза тапты

Эквадордың шығысында әскери ұшақ құлап, бортта болған 22 адам түгелдей қаза тапты. Бұл туралы Эквадор президенті Рафаэль Корреа Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

Оқиға Эквадордың шығысындағы Пастаса провинциясында болған.

«Апаттан аман қалғандар жоқ. Еліміздің 22 сарбазы мерт болды. Бұл біз үшін орны толмас қаза болды», - дейді Корреа.+

Франс Пресс агенттігі таратқан деректерге сүйенсек, ұшақ бортында 19 десантшы, екі ұшқыш және механик болған.

844 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз