- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 16 Наурыз, 2016
«Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары» атты кітап көрмесі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «100 кітап» жобасының аясында шығыстану факультетінде «Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары» атты кітап көрмесі өтті. Оның мақсаты – кітап қорындағы әдебиеттер арқылы ұлттық мәдениетіміздің тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру, дінтану мен мәдениеттану ғылымының қазақ өркениетінде алатын орнын насихаттау.
Егемендік алып, бүкіл әлем мойындаған мемлекетке айналған Қазақстан өзінің рухани бай мәдениетімен мақтана алатын ел. Оқырмандар назарына еліміздің белгілі мәдениеттанушылары, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлия Масалимова, Тұрсын Ғабитов, Ақтолқын Құлсариева, Жахан Молдабеков, Гүлжан Әбдіғалиева, Жақып Алтаев сынды ғалымдардың жазған кітаптары ұсынылды.
Сонымен қатар, Жақан Молдабековтың «Шырақтарым шуақтарым» атты жыр жинағы оқырмандардың зор қызығушылығын тудырды.
Тәуелсіз Қазақстанның мәдениетін насихаттауға бағытталған кітап көрмесімен -оқытушылар, магистранттар, докторанттар, студенттер танысты.
Айниязова Алтын Өтегенқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
философия және саясаттану факультеті,
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
«Мәдениеттану»мамандығының 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі филос.ғ.д., профессор А.Р.Масалимова
1693 рет
көрсетілді0
пікір







