Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 24 Наурыз, 2016

Қызыр күту

Наурыз кезінде Қызыр мен Ілияс кездесіп, үйлерді аралайды екен. Жұрттың арман-тілегін Хаққа жеткізеді, үйлерге береке дарытады деседі. Сол күні ұйықтамай, дастархан жайып, тілек тілеп отырған адамның тілегі бірден қабыл болады. Жұрт топтасып күтіп отырса, олардың достықтарын берік етіп байлайды екен. Ұлық Алла да бұл күні Ібілісті тұсаулап, тағдыр тақтасын ашып қояды. Қаламға бұйырып: – Кімнің адал тілегі болса, орында. Пешенесіне арман-мақсатының орындалуын жаз, – деп әмір етеді екен. Қазақтар 22 наурыз түнін ақ дастархан жайып күтеді. Кімнің дастарханы толы болса, ырысы да сондай толы болады деп сенеді. Тағы бір аңыздарда Қызыр мен Ілияс ақтан істелген тағамдарды жақсы көреді екен. Сондықтан дастарханға айран, сүт, құрт, май молынан қойылады. Түркі танымында наурызды «Қызыр Еллез» байрамы, яғни «Қызыр – Ілияс» мейрамы деп тойлайды екен[1]. [1] Yaşar Kalafat. Binboğalar Efsanesi. – Ankara, 2008.

639 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз