Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 24 Наурыз, 2016

Көрісу әдебі

Ыбырайым пайғамбар көктем келгенде ел жұртты түгел шақырып, үлкен дастархан жаяды екен. Олар үйіне келген кезде барлығымен төс қағыстырып, көрісіп құшақтасыпты. Пайғамбармен көрісіп, құшақтасқан жанның көңілі жұмсарып, өкпе-реніштен арылыпты. Бәрінің бауырмалдық қасиеттері ояныпты. Ыбырайым пайғамбардың есімі «Пайғамбарлар қиссасында» ең алғаш құшақтасып көріскен адам ретінде сипатталады. Пайғамбар өзінің бұл әдебін:

– Көрісу көңілдің кірін шаяды. Ашу-ыза мен күмәнді жояды. Жүректегі ыстық мейір-махаббаттың табы көріскенде барлық адамға беріледі. Сондықтан ешкімге өкпе, ыза, реніш сақтамай, барлығымен көрісіп, қауышып жүріңдер, – деп өсиет айтқан екен. Алыстан сағынысып келген кісілердің бір-бірімен құшақтасып қауышатын жоралғысы осының белгісі ретінде орнайды. Содан бастап бұл рәсім жолға қойылып, көрісу дәстүрі кеңінен тарапты. Қыс бойы бір-бірімен жолықпай, көріспей отырған елдер көктем шыға, жаппай араласып, қуаныштарын жүрекпен білдіруге тырысатын болыпты. Әсіресе, наурыз айының 14-нен бастап ағайынның бәрі бір-бірімен құшақтасып көрісіп, мауқын басатын дәстүр қалыптасыпты. Қазір де Батыс Қазақстан өңіріндегі қазақтар көрісу салтын ұстанып келеді[1]. [1] M. Asim Köksal. Peygamberler Tarihi. – Ankara: Türkiye Diyanet Vakfı Yayınları, 1995.

1378 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз