Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Сәуір, 2016

Қызылордада аутизммен ауыратын балаларды оңалту орталығы ашылады

Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай алғаш рет биыл Қызылордада марафон өтті.

Игі бастаманы ұйымдастырушылар - «Форте» банктің Қызылордадағы филиалы мен «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының облыстағы өкілдігі.

Шараға аутизммен ауыратын балалар мен олардың ата-аналары, дәрігерлер, белсенді жастар, банк қызметкерлері қатысты. Акция барысында дерт жайлы жан-жақты ақпарат, науқастарды қоғамға бейімдеу жолдары айтылды.

Ресми дерек бойынша біздің өңірде 23 бала аутизмге шалдыққан. Маусым айында облыс орталығында осындай балаларды оңалтуға арналған орталық ашылмақ.

Автор: Елубай Әуезов

Дереккөз:ҚазАқпарат агенттігі

663 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз