Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Сәуір, 2016

Елбасы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті

Елбасы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ғылым мен техника және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясы Королі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық деңгейдегі іс-қимылдың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, тараптар ИЫҰ саммитіне тоқталып, оның табысты өтетініне, қабылдануы жоспарланған шешімдерінің тиімді болатынына үміттенетіндерін білдірді.Елбасы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті

908 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз