- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Сәуір, 2016
Назарбаев Түркияда Лукашенкомен кездесті
Елбасы Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы байқаушы елдің - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгіме барысында екі мемлекеттің басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі нығайту жайын талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шараларға тоқталды.
441 рет
көрсетілді0
пікір







