- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Сәуір, 2016
Украина парламенті жаңа үкіметті бекітті
«Бізге жүктелген міндет ауыр. Бірақ, барлығымыз біріксек, бұл қиындықты да еңсереміз. Біз дағдарысты тоқтатып, экономикалық көрсеткіштерді көтеруіміз қажет. Еуроықпалдастық бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз», - дейді Украинаның жаңа премьер-министрі Владимир Гройсман.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, Украинаның Сыртқы министрі қызметін Павел Климкин сақтап қалды. Ал Қорғаныс министрі болып Степан Полторак тағайындалса, Ішкі Істер министрі қызметі Арсений Аваковқа бұйырды.
Сондай-ақ, қаржы министрі болып Александр Данилюк, энергетика министрі қызметіне Игорь Насалик тағайындалды. Ал Денсаулық министрінің орны әзірге бос тұр.
Айта кетейік, бейсенбі күні Украинаның Жоғарғы Радасы Владимир Гройсманды премьер-министр қызметіне тағайындап, Арсений Яценюкті орнынан босатқан болатын.
673 рет
көрсетілді0
пікір







