Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2016

Дохадағы саммиттен кейін Brent мұнайының бағасы төмендеді

Лондондағы ICE биржасына Brent мұнайының бағасы демалыс күндеріндегі үзілістен кейін сауда-саттықтың алғашқы минуттарында-ақ 7 пайыздан астамға төмендеп, баррелі 40,22 доллар болды.

Бұны биржа мәліметтері айғақтайды, деп хабарлады Қазақпарат Lenta.ru ресейлік сайтына сілтеме  жасап.

Бағаның құлдырауы 17 сәуірде, жексенбі күні өткен Дохадағы кездесуде тараптар мұнай өндіруді шектеуге келісімге келе алмағаннан кейін болды. Осы форматтағы келесі кездесу маусымда өтпек.

2016 жылдың басында мұнай бағаларының бір баррелі 30 доллардан да төмендеген болатын. Дохадағы кездесудің мақсаты оларды түзету болды. Келіссөзге қатысушылар талқыламақшы болған жобада мұнай өндіруді ағымдағы жылдың қаңтарынан қазанға дейін шектеу көзделген.

 Дереккөз: Nur.kz

852 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз