Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2016

Жерорта теңізінде 400-ден астам мигрант ажал құшты

Мысыр таратқан ақпараттарға сәйкес, Еуропаға жетпек болған 400-ден астам мигрант Жерорта теңізінде батып кетті. Қаза тапқандардың басым бөлігі Сомалиден болды, деп хабарлады Би-би-си

Олар теңізді төрт тозған қайықпен жүзіп өткен.

Соңғы жылдары Мысыр Еуропаға ұмтылған заңсыз мигранттар үшін өткізу бекетіне айналды. Мыңдаған адам Александриядан теңіз арқылы аттанады. 2016 жылдың басынан Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 100 мыңнан астам босқын жетті.

Көші-қон істері бойынша халықаралық ұйым хабарлағандай, Жерорта теңізі арқылы сәтті өтіп Еуропаға жететіндердің саны миллион болса, жолда ажал құшқандардың үлесі 3 700 адамды құрайды. Ұйым болжамына сәйкес, 2016 жылы Еуропаға тағы  бір миллион босқын баруы мүмкін.

Дереккөз:ҚазАқпарат  агенттігі

705 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз