- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 18 Сәуір, 2016
Қазақстан ҰҚШҰ елдерінің әскери құралымдарын тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымына мүше-мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
453 рет
көрсетілді0
пікір







