Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 19 Мамыр, 2016

КІТАП ОҚУ – ӨЗІҢДІ ОҚУ

Жастар қазір кітап оқи ма? Оқыса, кімдерді оқиды? Қай-қайсымызды да қызықтыратын сауал бұл. Ауызды қу шөппен сүртуден аулақпыз. «Кітап – білім бұлағынан» сусындайтын өрендер әлі де аз емес екен. Атырау қаласынан редакциямызға Жанша Төкеева дейтін ханымнан хат келді. Сол қаладағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде» қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді екен. Қуанып қалдық. Шәкірттерінің әдебиетке қызығушылығын мейірлене жазыпты. Бір топ оқушысының оқыған кітаптары жөніндегі ой-толғамдарын журналға жариялауды өтініпті. Оныншы сынып оқушыларының болашақта әдебиеттен тыс мамандық таңдайтынына қарамастан көркем әдебиетке деген құштарлығына риза болдық. Шығарманы талдауы, мазмұндауы бізді де қуантты. 

Неизвестный объектӨмірлік тәрбие 

image001Менің соңғы кездегі оқып жүрген шығармаларымның біразы шетел әдебиеті. Өйткені  қазақ әдебиетіндегі  көркем туындыларды осы шетел шығармаларымен салыстыру керек. Сондықтан шетел классиктерінің шығармаларын қызығып, құмартып оқимын. Оны достарымның арасында сыр қылып бөлісемін. Сіздерге Джейн Остеннің керемет туындыларының бірі  -«Гордость и предубеждение»  шығармасын  оқуға кеңес беремін.Өйткені 1815 жылы жарық көрген бұл еңбек әлемдік классиканың керемет туындыларының бірі – «Гордость и предубеждение»(«Тәкаппарлық пен жаңылыс»). Бұл кітаптағы оқиға желісі  жергілікті тұрғындарды дүр сілкіндірген жаңалық-жылына төрт-бес мың табыс табатын жас жігіттің Незерфильд бағын сатып алуынан бастау алады. Ең бастысы,бұл жігіттің бойдақтығы оқиғаны дамытуға көп үлес қосты.Бұл жақсы жаңалық ең бастысы миссис Беннеттің көңілінен шығып,өзінің қыздарының бірін тұрмысқа  беру  үшін тиімді сәт екенін бірден түсінген-ді.Қыздарының біреуіне бақ құсы ұшып келгеніне нық сенімді болған миссис Беннет өз қыздарын осы бойдақ жас жігітпен кездестіруді асыға күтті.Қызықты ойын-күлкіге толы кештердің бірінде Бингли мырза мистер Беннеттің қызы  Джейнмен танысады. Кітапта бұл екі жұптың ғана емес, Дарси есімді  жас, ақылды әрі көрікті жігіт пен Элизабет есімді сүйкімді қыз арасындағы махаббат ашық баяндалады.Осы кешке мистер Бингли өзінің өте тәкаппар досы мистер Дарсиды ертіп келген еді.Бингли мырза досына кештегі сұлу қыздардың бірін биге шақыруды ұсынады, осы кезде мистер Дарсидің көзі Элизабетке түседі.Бірақ өз тәкаппарлығынан арыла алмаған мистер Дарси  «Мүмкін,шынымен де,бұл қыз сүйкімді шығар,бірақ ол менің жан тыныштығымды мүлдем бұза алмайды»  деген шешімге келеді.Міне,осы сәттен бастап Элизабет пен Дарсидің махаббат хикаясы басталады. «Гордость и предубеждение»-әлемдік классиканың жауһары бола тұра,19 ғасырдың басында ағылшын қоғамында өз маңызын жоғалтқан еді.Толықтай бүкіл басқару көздерін уысында ұстаған ер адамдар қоғамы үшін әйел адамдардың әлеуметтік мәртебесі жоғары орында тұрғаны рас.Осы себептен әйелдер жағы ұтымды тұрмысқа шығып кету үшін ер адамдарды қызықтырудың түрлі-түрлі жолдарын іздеумен болды.Қоғамдағы осы олқылықты бейнелейтін бір тұс-Беннеттер отбасында кіл қыздардың болуы еді.Сондықтан, ананың да қыздарын тез арада тұрмысқа беруді ойлауы еш таңқаларлық жағдай емес. Шығарма авторы Остен феминизмді жақтаушы болған делінеді.Менің ойымша, оның феминистік ой-дағдылары бұл шығармада анық көрсетілген.Себебі,әйел адамның негізгі мақсаты-тұрмысқа шығу екендігін арқау етіп,сол кездің қыздарында жұмыс пен хоббидың болмағанын,дәл сол кездерде әйел адамдарының алғыр ақыл-білімдерінің түк бағаланбағанын көрсетіп отыр. Шығармадан түйетін басты ой-тәкаппарлық пен атаққұмарлықтың мүлдем бөлек мінез екендігі. Адам даңққұмар болмай жатып,тәкаппар да бола алады.Тәкаппарлық көбінесі өзіміз туралы ойдан туындаса, даңққұмарлық біз туралы басқалардың ойынан туындауы да мүмкін. Шығарманы қазақ әдебиетіндегі шығармалармен салыстыра отырып, автордың образдарды сомдаудағы шеберлігін анық аңғаруға болады. Қай шығармадан болсын өмірлік тәрбие аларымыз сөзсіз.

Іңкәр ҚҰМАРОВА

Кітап оқу – үлкен өнер

001Кітап оқу- үлкен өнер. Оны оқудың түрлі жолдары бар екенін де білемін. Бірақ мені қызықтырған кітаптарды  досымдай сыйлаймын. Маған көмек беретіндей болады. Ол адам үшін үлкен байлық екенін де түсінемін. Кітаптан алған әсерімді мұғаліміммен, ата-анаммен бөлісемін. Кейінгі оқыған кітабым туралы бірер сөз. Менің соңғы кезде психология жайлы, өмір заңы туралы кітаптарға қызығушылығым артты. Мысалы, Саидмурод Давлатов дейтін – психалогия ғылымдарының докторы бар. «Духовные законы богатства», «Стратегии мышления богатых и бедных людей» «Мой гениальный ребенок», «Философия муравья» атты кітаптардың авторы.  Рухани байлықтың ережелері сіздің жетістікке деген жолыңызға тәуелсіз әсер етеді. Егер сіз осы ережелерден бейхабар болсаңыз, сәттілікке қол жеткізу  ұзақ әрі қиын болады. Осы кітаптарда Саидмурод Давлатов анық мысалдармен материалды байлық пен рухани байлық тығыз байланысты екенін дәлелдейді.Сол себепті алдын ала байлыққа ие болу үшін негізгі рухани байлықтың ережелерін қадағалау қажет. Ал оларды күнделікті өмірде қалай қолдану керектігін кітапта басты кейіпкерлер, қария мен тағдыр азабымен кездескен жігіт - Мехрон баяндап береді. Жастық шағын оқумен өткізген азамат бір сәтте жұмысынан айырылып, қарызға белшесінен батады. Мехрон жан-жағындағы жылтыраған дүкен сөрелерін, құжынаған көліктерді, жұмыстарымен асыға келе жатқан адамдарды байқамаған сыңаймен қала ішін мұңды күймен кезіп жүреді. Басқаларға қарағанда ол ешқайда асықпады, асығатын жері де болмады. Сонша күш пен қуат жіберген және жарқын болашағы мен үмітін байлаған жұмысынан шығарып жіберді. Осындай өмірдің қиын кезеңдерінің бірінде, досы Мехронды қала сыртына, әсем бақшасы бар бір қарияға апарады.  Ақылгөй Мехронның көзқарасын өзгертумен жұмыс істейтінін айтып, қол астына алады. Мехрон ұстазының бақшасында жұмыс жасай бастайды. Қария оны өмірдің жаңа кезеңдерін ашуға ұмтылдырады, жан дүние байлығына кенелтуге көмектеседі. Тәлімгері Мехронға құтқарушы, өмір бойы  ұмытпас ағартушыға, өмір бойы қарыздар жанға айналады. Жігіт қарт берген ақылдың жолымен жүріп отырады.Соңында мақсатына жетеді. Мен бұл әңгімені оқи отырып, қиялымнан сурет тудырып, оны қағазға түсірдім. Нәтижесі төмендегідей.

Майя ҚҰБАШЕВА

«Элджернонға  арналған гүлдер»

image003Кітап адам жанын жадыратып, қиялына қанат бітіретін дүние.  Онымен дос болсаң, керемет уақыт өткізесің. Кейде кітаптағы ой жүрегіңнің түкпірінде сақталып қалады.Мен өзімнің туған әдебиетімнен  Ғабит Мүсірепов, Дулат Исабековтің тағы басқа да жазушылардың шығармаларын оқып, ойымды қиялға жетелетемін.Бүгінде  М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын бастап оқып жатырмын. Кейде мені шетел әдебиеті де қызықтырып әкетеді. Бұл өзге әдебиетті төл туындылармен салыстыру сабақ барысында  қажет болады. Сіздерге жанымды тербеген бір кітап туралы сыр ашқым келді. Дэниел Киз - америкалық жазушы. Оның 1966 жылы «Элджернонға арналған гүлдер» атты романы жарық көрді. Бұл роман алғашында әңгіме түрінде жазылған болатын және екі дүркін «Хьюго» сыйлығының иегері атанған. Кітаптың қысқаша мазмұнына келер болсақ, Чарли Гордон есімді 32 жастағы ақыл есі кем жігіт наубайханада еден жуушы қызметін атқарады. Ол өз еркімен ой өрісін арттыру мақсатында ғылыми тәжірибеге қатысады. Чарлидің тек бір ғана тілегені бар: таза, әрі сауатты жазып және оқып үйрену. Романның ерекшеліктеріне  тоқталсақ, әңгіме бас кейіпкердің есептемелері  түрінде  көрермен назарына ұсынылған. Алғашқы беттерде орфографиялық, грамматикалық қателер кездесіп ақыл есі кем адамның ойлары анық жеткізіледі, кейін бірте -бірте сөйлемдер құрылымы қиындай түседі.Чарлидің ақылының толықсып жатқандығы толық көрініс табады. Есептемелерді оқи отырып, негізгі кейіпкердің ішкі сезімін, күйзелісін, армандарын – бәрін де сезінесің. Өмірде Чарли Гордон секілді қоғамнан тыс өмір сүріп жатқандар мен әлемде өз орнын табумен әлек адамдар қаншама десеңізші?! Ал олардың жан дүниесіне үңілетіндер өте аз. Неге? Адамдар неге соншалықты қатігез? Роман желісінде Чарлиді ақыл есінің кем болғандығы үшін барлығы бірдей оны мазақ қылады, туған анасы өз ұлын, ал әпкесі ағасын мойындаудан бас тартады. Өмірде де сол секілді жағдайлар тым  жиі кездеседі. Соншалықты пайдакүнем, адамгершілік қасиеттен жұрдай болу бізге ерекше сән бере ме? Әрине, жоқ. Автордың ақыл есінде ауытқуы бар жігіт туралы жазуы осындай сауалға жауап іздеу сияқты. Кітаптағы тағы бір маңызды аспект адамның ой өрісі кең болған  сайын мінез- құлқының өзгеруі. Бас кейіпкер миына ота жасатпас бұрын ақкөңіл, аңқау, сенгіш болса, отадан соң өзгере бастайды. Ол күдіктенеді, күйзеледі, бұрын-соңды сезінбегенді бастан кешеді және оның ішінде қызғаныш, пайдакүнемдік, өзіне сену оянады. Ақылды болған сайын адамгершілігі төмендей береді. Ең өкініштісі де сол. Ақырында ғашығынан айырылып, жападан  жалғыз қалады. Қанша жерден ақылды бол,бірақ бойында титтей болса да мейірімділік болмаса өзіңді қалайша өнеге тұтар жанмын деп атайсың? Айтсаң да ол жалған нәрсе боп қалады. Жеке өзіме кітап өте ұнады. Неге десеңіз, романдағы оқиғадан алар нәрсе мол және әр кейіпкердің қателігі тәжірибе жинауда маған көп көмегін  тигізді. Соңғы сәттерде көзіме жас алып біздің еліміздегі  дәл сол Чарли секілді  дәрменсіз күйде жүрген, жүректеріндегі үміт оты өшкен адамдар жайлы ойладым. Бұл әдеби туынды жүрегімнен өз орнын алды, оған еш күмәнім жоқ.

Құралай ДҮЙСЕНОВА

«Некеленген»

image004Элли (Элисон) Каунди (Конди) – «Некеленген»  романдар сериясы арқылы танымал болған америкалық жазушы. Оның қаламынан туған шығармалары жастардың жүрегін бірден жаулап алды әрі NewYorkTimes-тің ең үздік шығармалары болып табылады. Қазіргі уақытта жазушының болашақта жүзеге асырмақ жобалары көп. Ол  Сидар қаласында Ютада дүниеге келді.  Ағылшыннан бакалавр дәрежесін алып, Бригама Янга атындағы мормонский университетін тәмамдап, мектепте ағылшын пәні мұғалімі болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта өзінің сүйікті жұбайымен және төрт баласымен Юта қаласында тұрады.  Романның басты кейіпкері – Кассия халқы қатаң бақыланатын, тәуелді, техникалары жоғары дәрежеде дамыған елдің тұрғыны. Бұл елдің бірінші адамы әрбір адамның қай жерде жұмыс жасайтынын, қай жерде тұратынын,кіммен болашағын байланыстыратындығын, тіпті қашан көз жұматындығын шешеді. Ал он жеті жасқа толған азаматтарға бірінші адам арнайы машина арқылы басқа қалалардан, шет аймақтардан, аудандардан жұп таңдап береді.Мұндай жүйе ажырасу санын азайту, халыққа көмек көрсету мақсатында ойластырылған. Романның басында  он жеті жасар Кассия және оның жан досы Ксандер  «некелестірілген» зияпатына шақырылады.Кассия мен Ксандер бір-біріне адал,бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын ажырамас жан достар.Екеуінде балалық шақтарынан бастап бір-біріне ыстық сүйіспеншілік болған. «Ең алғашқы махаббат басталады партадан» дегендей, екеуі үшінші сыныпта партада бір-біріне бірден ғашық болады. Кассия Ксандермен некелескенді арман ететін еді.Өзінің айтуынша, Ксандер  оның алғашқы және соңғы махаббаты, сондықтан онымен бірге болашағын байланыстыру -оның ең басты мақсаты. Бірақ бұл мақсаттың орындалу мүмкіндігі тым аз,себебі жаңа жүйе қабылданғаннан бері бір қала тұрғындары ешқашанда жұптаспаған.Бірнеше жылдардан соң, Ксандер мен Касссия есейіп,он жеті жасқа толғаннан кейін, «некелестірілген» зияпатына шақырылады.Кассия үшін бұл күн тосын жағдай, себебі Ксандердің өзге қызбен жүруі оған үйреншікті әрекет емес. Оқиғасы қызық па екен? Соңы немен аяқталатынын айтпаймын. Тауып алып оқуға кеңес беремін. Кітап оқу – өзіңді оқу екенін ұмытпайық.

Альфия Максимқызы 

«P.S. Мен сені сүйемін»

image005Менің көркем әдебиетке құштарлығым бала кезден басталған-ды. Мен төл әдебиетімізден М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романын қызығып оқыдым. Сөз көркемдігін, сөз өнерін үйренудемін. Сонымен қатар шетел әдебиетіндегі шығармаларды орыс тіліндегі аударма арқылы кейде ағылшын тілінде оқып білудемін.Соның бірі – Сесилия Ахерннің «P.S. Мен сені сүйемін» романы.Бұны сол ағылшын тілінде оқудамын. Сесилия Ахерн — романтикалық романдардың авторы.  1-бөлім Холли ауыр жағдай үстінде еді. Жүрегі дір-дір қағып, тыныштық пен жалғыздыққа оранған ол әр кез бақытты шақтарға толы естеліктерді, күйеуін есіне алып, қайта-қайта қайғы сезіміне бата түсті. Ал қайғы себебі – күйеуінің қатерлі ми ісігінен қайтыс болуында.Таңертең бір мезетте қоңырау дыбысы естілді. Бұл – анасы еді. Хал-жағдайын сұрап, ол қызына бір хат келгенін жеткізді. Ал хатта «Тізім» деп жазулы тұр екен. Мұны естіген Холли телефонды құлатып алды.

2-бөлім

image006Тағы бір естелік... Холли шамды өшіруді ұмытып кеткен еді. Ал Джерри әзілдеп, өлер алдында шамға, жылытқышқа, сүт пакетіне қысқа хат қалдырып кететіндігін айтқан. Осы кезде Холли істеуі қажет заттардың тізімін жасау туралы әзіл де пайда болған еді. Олардың ортақ достары – Шэрон және Джон Маккарти болатын.  Осы Джон Холлиге 14 жасында досының онымен танысқысы келетіндігін жеткізеді. Ал құрбысы – Шэрон болса көндіруге тырысады. Міне, сол уақытта Холли және Джон танысқан болатын. Олардың үйленген күні Холли үшін ең бақытты күн болмады. Бұл күн үй ішіндегі шумен басталды. Сіңлісі Киара не киерін білмей, өз көйлегін ұнатпай тойға барғысы да келмеді. Әкесі бұл тойдың апасынікі екендігін ескертіп, көндірді. Ал барлық айқайды естіген Холли тіпті төменге түскісі де келмеді. Шіркеуге жеткенде де жан-жақтан әр түрлі туысқандар келіп, Джерримен сөйлесуге уақыт та бермеді. Кеш соңында Холли қайта-қайта жымиюдан, жүгіруден шаршап қалды. Өз достарының дастарқанына қосылғысы келді...

3- бөлім

Таң атысымен Холлидің үйіне Шэрон келді. Холлидің түрін көріп, бірден жуынуға жіберді. Ал өзі үйді ретке келтіре бастады.Бір сағат ішінде-ақ Шэрон барлық үйді тазалап, щаңын кетіріп те үлгеріпті. Кейін екеуі шай ішіп, әңгімелесті. Холли бар қайғысымен бөлісті. Ал Шэрон күндегідей оған ақыл айтып, қолдау көрсетті. Шэронның келуі Холлиге ерекше жылы сезім сыйлады. Екеуінің бірге өткізген бір күні арқылы Холли Джон екеуінің де өз досынан айырылғандығын, осы күндер бойы ол тек өзін ғана ойлап жүргендігін түсінді. Ертең хатты алып кетіп, өмірді дұрыс кеше бастайтындығына уәде берді.

4-бөлім

Келесі күні Холли ерте тұрып, досы шаштаразшы Леоға барды. Өз-өзін ретке келтіргісі келді. Лео оны көріп, бірден кезексіз қабылдап, шаш стилін өзгеруге көмектесе бастады. Хал-жағдайын сұрап, әңгімелесті. Лео Холлиді әртүрлі оқиғалармен, әзілдермен күлдірді. Салоннан шыққанда Холлидің көңіл-күйі өте жақсы болатын. Кейін ол бірден ата-анасының үйіне барды. Онда оның 22 жасар інісі Декланның бір топта ойнайтындығын біліп алды. Ол – әрдайым камераны қолынан тастамайтын, кинопродюсерлік оқып жатқан жігіт еді. Анасы жұмыс туралы да сұрады. Себебі Холли бұрынғы хатшы болып жасаған жұмысынан шығып кеткен болатын. Әлі де жұмыс іздеп бастамаған екен. Холли және Элизабет екі сағат бойы әңгімелесіп отырып қалды. Ақырында Холли хат туралы сұрады. Хатқалтаны ашқан уақытта ішінен 10 кішкентай қағаздар шықты. Әрбіреуінде ай аттары жазулы тұрды.Сол мезетте Холли күйеуінің қолтаңбасын танып қалды.

5-бөлім

Холли хатты оқи бастады. Мұнда күйеуінің ішкі сезімдері жазылған. Холлиден өткен естеліктермен өмір сүре бермей жаңа өмірге қадам аттауын сұраған. Өзінің еш нәрсеге де өкінбейтіндігін айтып, алғысын білдірген. Ал Джерридің хатын оқыған Холли бірден көзіне жас алды. Әрбір кішкентай хат әр айға арналған, ал әрбір айға әр түрлі тапсырмалар берілген. Міне, Холли өтіп кеткен Наурыз айының хатын ашты. Мұнда «Білте шам сатып ал және көгерген жерлеріңнен айырыл! P.S. Мен сені сүйемін...» деп жазулы тұрды. Холли жылауын тоқтатып, күле бастағанын байқамай да қалды. Джерри қайта оралды! Холли бірден Шэронға қоңырау шалды. Шэрон да, Джон да Холлидің айтқан хабарына таңғалды.

6-бөлім

Холли Шэронның үйіне барып, үшеуі Джерридің хаттарын әңгімелеп, ақылдаса бас-тады. Екеуі де Джерридің бұл ойы туралы білмеген екен. Үшеуіне де бұл ерекше жаңалық болды. Джерридің өз уәдесін сақтап қалғанына қуана түсті. Сәуір айы болғандықтан, сол айдың хатын ашуға бел буды. Бұл хатта «Диско-дива әрқашанда өте жақсы киінуі тиіс. Өзіңе жаңа көйлек сатып ал. Келесі айда қажет болады! P.S. Мен сені сүйемін...» деп жазулы тұрды.

7-бөлім

Холли қайта-қайта білте шамды қосып-өшіріп жатты. Көңілі көтеріңкі болды.  Сол күні Шэрон екеуі «Төсектер, тұтқалар, швабралар» дүкенінен өз бөлмесіне сәйкес келетіндей білте шам сатып алған екен. Бір мезетте телефон шырылы естілді. Бұл сіңлісі Киара екен. Киара Австралиядан үйіне оралыпты. Енді мерекелік кешкі асқа шақыруда. Ата-анасының үйінде барлық отбасы мүшелері Ричард және Мередит, балалары, Джек және Эбби, Деклан болады. Холли және Джектің арасында өте жақсы қарым-қатынас бар екен. Кішкентай кезінен екеуі әрдайым бірге жүрген еді. Джек 7 жыл бойы өзінің сүйген қызы Эббимен бөлек тұруда. Ал Ричард – Холлидің ең үлкен ағасы. Ол тек белгілі бір ережелермен өмір сүретін, достары да жоқ, ешкіммен жылы сөйлеспейтін, жайдарлы мінезбен де ерекшеленбейтін жан. Әйелі Мередит те жабырқаңқы әйел. Міне, кешкісін Холли қаншалықты барғысы келмегенімен, кешкі асқа баруға мәжбүр болды. Мұнда барлығы да жиналып қалыпты.Үй айқай-шуға толы. Дастарқан үстінде Киара Австралияда болған оқиғалармен бөлісті, әзіл де айтылды, ұрысқа да жақын сәттер байқалды. Кейінірек  Киара өз сыйлықтарын берді. Осылайша, Холли осы күнін отбасы аясында өткізген еді.

8-бөлім

Холли Джерридің айтқанын орындап, жаңа киім сатып алды. Леоға шаш үлгісін жасатып алды. Себебі бұл күні ол 30 жасқа толып жатқан еді. Лео да өз құрбысының туған күнін ұмытпай, салонда жұмысшыларымен бірге торт сыйлады. Бұл Холли үшін күтпеген жағдай болды, көңілін көтеріп жіберді. Кешке ол өз туған күнін Шэрон, Дениз, Эбби, Киарамен өткізді. Қонақтардың қатарында Деклан да болды. Ол оператор қызметін атқарып, барлығын өз камерасына түсірді. Қыздар тілектерін айтып, сыйлықтарын берді. Әр сыйлық та ерекше болған еді. Бірнеше шампан бөтелкесі, қызыл шараптар ашылды. Кейін қыздар таксиге отырып, «Будуар» клубына жетті. Қыздардың барлығы да шарапқа тойып алған. Келесі күні Холли ұйқысынан басы ауырып, шаршаған күйде тұрды. Шэрон хабарласты. Екеуінің де есінде еш нәрсе жоқ. Холли кері ұйқыға кетіп, кешкі 9-да ғана тұрды. Джек қоңырау шалып, ертеңгі күнге Декланның концертіне шақырды. Декланға қолдау көрсеткісі, Холлимен әңгіме айтып, қыдырғысы келеді екен. Холли ешқайда да шыққысы келмегенімен Джекке келісім берді.

9-бөлім

«У Хогана» пабына жеткен кезде клуб іші жастарға толы болатын. Холли інісінің жанкүйерлердің ортасында тұрғанын көрді. Кейін Деклан Холлиге жақындап,Холлиді бұл пабтың иесі Дэниелмен таныстырды. Бұл шақта Джек те келіп қалды. Үшеуі біраз әңгіме айтты. Бұл кеште Холли інісінің 4 әнін тыңдап, Джек пен Дэниелмен қоштасып кетіп қалды. Ол мамырдың хатын ашуға асық еді. Дегенмен 12-ге дейін әлі 2 сағат бар болды.Бұл уақытты Холли қалай жоярын да білмей, әрлі-берлі теңселіп жүрді. Уақыт та келіп, Холли хатын ашқанда, мұнда «Кәнеки, Диско-дива! Осы айда «Дива» клубында караокедан қорқынышыңды жеңіп көр! P. S. Мен сені сүйемін...» деп жазулы тұрды. Бірнеше рет Холли «Ешқашан!» деп қайталады да, күлкісін тыя алмай, «Джерри! Мен караокеге енді ешқашан да бармаспын! Ойлаушы да болма!» деп айқай салды. Сол кезде Шэрон да қоңырау шалып, асығыс хаттағы тапсырма туралы сұрады. Шындықты білген соң Джон мен Шэрон қайта-қайта күліп, күлкісін тіпті тыя да алмады. Шэрон Холлиді көндіруге тырысты. Бірақ Холли бұрынғыдай жағдайға ұшырағысы келмеді. Бұл түні ол ұйықтай алмады.

10-бөлім

Таңертең Холлидің үйіне Ричард келді. Бұл Холлиді таңғалдырды. Тіпті Ричард қарындасының сүйікті гүлдері – орхидеяны алып келіпті. Холли ағасына қаншалықты разы болғанымен, оның үйінде қалуын қаламаған еді. Дегенмен, Ричард шай ішуден бас тартпады. Екеуінің әңгімесі тыныш өтті. Ричардтың Холлиден жұмыс және балалар туралы сұрақтар қоюы, оның күйеуінен айырылып, жалғыз қалғанын есіне түсіруі, Холлидің сезімдері туралы ойламауы оны ызаландыра түсті. Көңілі түсіп, Ричард кеткен соң, тыныштала бастады. Қалайша соншалықты еш нәрсе де түсінбеуге болады? Альбина Қыдырқожа

5547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз