- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 31 Мамыр, 2016
ЕАЭО ЕО және ШЫҰ-мен сауда-экономикалық байланысын дамытуға мүдделі
«Біздің экономикаларымыздың байланысы белгіленген мерзімдер мен жоспарларға сай өтіп жатыр. Үкімет пен бизнес бір-бірімен ынтымақтасудан мол тәжірибе жинауда. Одақ қызметінің алға қойған міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру біздің елдеріміздің экономикасына қуатты серпін береді деген сенімдемін», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы, Одақ төрағасы ретінде, өз ұсынысы бойынша биылғы жыл ЕАЭО-ның үшінші елдермен және басты интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қарым-қатынасын тереңдету жылы болып жарияланғанын еске салды.
«Былтыр ЕАЭО-ның Вьетнаммен алғашқы келісіміне қол қойылды. Бүгін біз шағын құрамда Қытай Халық Республикасымен, Үндістан, Израиль, Египет, Иран, Камбоджа және басқа да көптеген мемлекеттермен ынтымақтасу мәселелерін талқыладық. ЕАЭО-ның ЕО, ШЫҰ секілді интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық байланысын жолға қою мүмкіндігін жеке қарастырып жатырмыз», - деп толықтырды Қазақстан Президенті.
ФОТО: Бауыржан Жуасбаев
612 рет
көрсетілді0
пікір







