Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Маусым, 2016

Бүгін елімізде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді

Жаздың алғашқы күні барша әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл мейрам 1949 жылдың қарашасында Парижде халықаралық демократиялық әйелдер фелдерациясы конгресінің шешімімен бекітіліпті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне  Kazgazeta.kz.
Жаймашуақ жаздың алғашқы күнімен келіп жететін балаларды қорғау күні – ертеден келе жатқан халықаралық мерекелердің бірі. Барша әлем халқы бұл мерекені 1950 жылдан бері атап өтеді.

Балаларды қорғау күнін өткізу туралы шешім 1949 жылдың қарашасында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, бүлдіршіндердің құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі етіп жариялады. Халықаралық балаларды қорғау күні әр елде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, олардың барлығы қоғам назарын барша әлем бүлдіршіндерінің жағдайына аударуды мақсат тұтады. +

1959 жылы БҰҰ Балалар құқығы туралы декларация қабылдады, құжатқа ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметті, үкіметтік емес ұйымдарды балалардың құқығы мен еркіндігін барынша сақтауға шақыратын баптар енген.

Қазақстан аталған құжатты 1994 жылы ратификациялады. Алайда декларацияның ешқандай міндетті күші болмағандықтан, балалардың құқығын қорғайтын басқа заң қабылдау қажеттілігі туындаған еді.

Айта кетейік, 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ 61 ел қол қойған Балалар құқығы туралы конвенция қабылдады. 

962 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз