Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Маусым, 2016

Дау-жанжал өршіген кезде, ынтымақтастық одан сайын нығая түседі – Қ.Тоқаев

Әр жерлерде дау-жанжал өршіген кезде, ынтымақтастық одан сайын нығая түседі. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХV отырысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының жетекшісі, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті деп, хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

«Кеше алғаш рет әлемнің түрлі елдерінің діни көшбасшылары өкілдері мен парламент мүшелері жиналып, лаңкестікке қарсы іс-қимыл жөнінде бірлесе әрекет етуді талқылады. Конференцияда лаңкестікпен тиімді күресудің жолдары жөнінде пікірлерді тыңдадық. ҚР Президенті конференцияға қатысушыларға лаңкестікпен күресуде бірлесе іс-қимыл жасау қажет екенін мәлімдеді», – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенат спикерінің айтуынша, жер-жерлерде дау-жанжалдар өршіген кезде, ынтымақтастық одан сайын арта түседі.

«Олардың басшылығы тиімді болмайынша, лаңкестіктің идеологиялық тамыры құрымайды. Әлемдік және дәстүрлі діндердің бесінші съезіне келген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдегендей, аласапыран кезеңде діни көшбасшыларға маңызды рөл жүктеліп отыр, олар бейбітшілікке қол жеткізу үшін ортақ негіз жасай отырып, қоғамдастықты біріктіруде діни дәнекер бола алады. Оған адамдарды адамгершіліктің ортақ құндылықтарын уағыздауға ынталандыра отырып қол жеткізуге болады», – деп атап өтті ол.

Съезд хатшылығының жетекшісі сөз соңында саммит саясаткерлер, діни көшбасшылар үшін әлемде тыныштық пен тұрақтылық мәселесін шешудің ортақ механизмдерін табуға тиімді алаң болатынын атап өтті.

756 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз