Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Маусым, 2016

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VI съезінің тақырыбы белгілі болды

2018 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VI съезі «Дін көшбасшылары қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында өтетін болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттау жөніндегі өкіл Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі көшбасшыларының ХV отырысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жұмыс тобының отырысында 2018 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VI съезінің негізгі тақырыбын белгілеу жөнінде пікір алмасу өтті. Соңғы жылдардағы оқиғалар адамдардың қарапайым қауіпсіздігі мәселелерін алдыңғы орынға шығарып отыр. Лаңкестік пен қауіптің белең алуын, олардың ядролық қаруды, жаппай қырып-жою қаруын қолдануы күрт көбейіп бара жатқанын, сондай-ақ лаңкестікпен күрес жөнінде әлемдік қауымдастықпен күш біріктіру жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын ескере отырып, қауіпсіздікті алдағы Съездің негізгі тақырыбы ету ұсынылды. Талқылау барысында ұйымдастырушылар ұсынған «Дін көшбасшылары қауіпсіз әлем үшін» атты VI съезд тақырыбын отырысқа қатысушылар бірауыздан мақұлдады», – деді М.Әзілханов.

Секциялардың атауы келесідей болып белгіленді:

I секция - Жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретіндегі «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі;

II секция – Құбылмалы геосаясаттағы дін. Адамзатты біріктіру үшін жаңа мүмкіндіктер;

III секция - Дін және жаһандану. Сынақтар мен жауаптар;

IV секция – Экстремизм мен терроризмді жою жолындағы діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер.

ФОТО: inform.kz

815 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз