- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 04 Маусым, 2016
ҰБТ: Білім министрлігі екі күннің қорытындысын шығарды
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күнінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
2 және 3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 37157 бітіруші қатысты, қазақ тілінде – 26995, орыс тілінде – 10162.
Тестілеудің екі күнінде ең жоғары 125 балды 6 түлекі жинады:
- Динара Маратқызы Матқалиева, «Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.); - Аружан Ерланқызы Мейірханова, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.); - Рамзия Рамазанқызы Оспанова, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.); - Еркежан Досенқызы Мұхаметқали, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.); - Қалдыбек Ибрагимұлы Махамбетов, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.); - Ақнұр Нұрболқызы Беркінова, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы).
Тестілеудің екі күнінде тыйым салынған заттарды қолданғаны және аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін 10 оқушы тестілеуден шығарылды.
2016 жылы 3 маусымда Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 123 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 25 тест тапсырмасы қанағаттандырылды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы пәндеріне қатысты болды.
809 рет
көрсетілді0
пікір







