Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Маусым, 2016

Ауыр атлетика федерациясы допинг күдігіне ілінген спортшыларға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы шетелдік БАҚ-тардың қазақстандық спортшылардың «оң» допингі-санамалары туралы хабарламаларына орай ресми мәлімдеме жариялады.

«БАҚ-та жарияланып, таратылып жатқан біздің спортшыларымыз туралы әртүрлі ақпараттарға қатысты мынаны хабарлаймыз: Халықаралық ауыр атлетика федерациясынан, Халықаралық Олимпиада комитетінен (ХОК) қабылданған тәртіптік шараларға, біліктілігінен айыруға, біздің спортшыларды спорт жарыстарынан шеттетуге қатысты қандайда бір мәліметтер Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының атына келіп түскен жоқ.

Қазіргі кезде Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы үдеріс тарапы емес екенін атап өткен жөн. Үдеріс тараптары Халықаралық Олимпиада комитеті және ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті. Осыған байланысты зерттеулер нәтижелері туралы барлық ақпарат Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитетіне келіп түседі. Қазақстанның ауыр атлетика бойынша барлық спортшылары бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес спорттық-жаттығу қызметін жалғастыруда», - деп мәлімдеді федерациядан.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметтері бойынша 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондондағы Олимпиадаларға қатысқан қазақстандық спортшылардан бес сынама «Б» допинг-сынамасының қосымша зерттеу рәсімінен өтуде.

Қазіргі кезде Қазақстанның ҰОК өкілдері Лозаннада (Швейцария) жүр.

Дереккөз: Nur.kz

566 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз